Биыл облыстық егіс алқабының ауданы 20 мың гектарға ұлғаяды

 

 

 

Павлодар облысының аграрийлері көктемгі дала жұмыстарына дайындалуда деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемін 2 есеге арттыру тапсырмасын орындау мақсатында өңірде алаңдарды әртараптандыру жүргізілуде. Облыстағы егіс алқабына 168,8 мың тонна тұқым себілді, техниканың дайындығы 98% құрайды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппаратық жиында айтылды.

 

- Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алқаптарын 1 657,3 мың гектарға орналастыру жоспарлануда. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 20,3 мың га артық. Бидайдың егістік алқаптарын 11,5 мың га қысқарту жоспарлануда. Жалпы ауданы 7850 мың га құрайды. Қысқартылған алқаптарда маңызы бар, жоғары рентабельді дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту жоспарлануда. Майлы дақылдар 13,7 мың га ұлғаяды,-деді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Сәуле Шукурова.

 

"Қазгидромет" отырғызу науқанын Павлодар ауданында 10 мамырдан, ал басқа аудандар бойынша 14-15 мамырдан бастап өткізуге кеңес береді. Аграрийлер құбылмалы ауа райын ескеруге тиіс.

 

- Мамыр айының алғашқы он күндігінде +32 дейін күн ыстық болады. Кейін температураның күрт төмендеуі күтілуде. Түнде қатқақ болжануда. Сосын қайтадан +32 дейін жоғарылайды,-деді

«Қазгидромет» РМК Павлодар облысы бойынша бөлімшесінің директоры Галина Шпак.

 

Осы күні көктемгі дала жұмыстарына 25,7 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Айту керек, литрі 237 теңге, бұл нарықтағы бағадан 58 теңгеге арзан деп жеткізді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында.