• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодар қаласы аумағында су деңгейінің ең жоғары көтерілу көрсеткіші 24 сәуірге жоспарлануда

Павлодар қаласы аумағында су деңгейінің ең жоғары көтерілу көрсеткіші 24 сәуірге жоспарлануда

 

 

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы аймақтағы төменде орналасқан елді мекендерде су басу қауіпі жоқ деп жеткізді. Қазақстанның шығысындағы су қоймаларынан жіберілген көлемнің алғашқы легі байқалып жатыр дейді. Бұл ретте, гидробекеттерде мониторинг күшейтілген. Павлодар қаласындағы су деңгейінің жоғары көрсеткішке жетуі күтілуде.

 

- Мониторинг бойынша суды жіберуді негізгі ядросы алғашқы толқыны Май және Аққулы ауданының шекарасына 19 сәуір күні келіп жеткен. Осы күні Павлодар мен Ақсу қаласы, Павлодар ауданында судың жайылымдық жерге шығуы байқалуда. Облыс орталығындағы су жіберу ядросының биік шегі 24 сәуірге жоспарланып отыр. Осы күні шығыстағы су қоймалардан келетін көлемінің 57% жіберілген,-деді Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаева.

 

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында аймақ басшысы Асайын Байханов су жіберу процесін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Мамандар Аққулыдағы ауылдық аумақта, Кенжекөл ауылы, Ақсу және Павлодар қалаларындағы өзен бойында өсім байқалуда дейді. Айту керек, алдын ала болжам бойынша, облыстағы жайылымдық жерлердің жалпы көлемінің 75-80% су басады деп күтілуде.