• Басты бет
  • Экономика
  • Павлодарда газды электрондық биржа арқылы сатуда қиындықтар пайда болған

Павлодарда газды электрондық биржа арқылы сатуда қиындықтар пайда болған

- Өткізілетін газдың бір бөлігі мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асады. Бұл дегеніміз, бағалар мен өнім көлемі бекітіледі деген сөз. Егер квота берілмеген жағдайда, газ жүйелік ұйымдар қиын жағдайға тап болады. Мысалы, конкурстағы сатылымда мен жеңе алмасам ше? Маған қажетті өнім көлемін қайдан аламын, - деді газ өткізуші ұйым басшысы Владимир Комаров.

 

 

Өткізушілер газ өнімін электрондық биржалар арқылы ұсыну жүйесі әлі соңына дейін ойластырылмаған дейді. Мәселені өңірлік кәсіпкерлер палатасында талқыға салудың да себебі осында.

 

- Өздеріңіз білесіздер, биылдан бастап газ болсын, бензин болсын, электрондық биржаларда сатыла бастады. Сол себепті жергілікті атқарушы билікпен бірге біздің кәсіпкерлер бірге жұмыс істеп, өз ұсыныстарын талқылап, жылдың соңына дейін 100% енгізу керек электронды биржаға.Тұтынушылар газсыз, бензинсіз қалмау керек. Бүгінгі мақсат сол, - өңірлік кәсіпкерлер палатасы кеңесінің төрағасы Қобланбек Қожин.

 

Сонымен қатар өткен жыл соңынан газды құю-ағызу жеке компания арқылы жүзеге асуда,  олар өз қызметі үшін бағаларды арттырып, бұл өткізу құнына әсер етуде дейді кәсіпкерлер. Айтуларынша, тұтынушыларға жететін газ бағасы қолжетімді болу үшін, бұл шешімді қайта қарастыру қажет.