Павлодардағы «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубына 25 жыл толды

 

 

Мерейтойға орай ұйымдастырлған шараға үздік қосымша білім беру орталығының негізін қалаған педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

1999 жылы «Жігер» клубы құрылғаннан бастап, Гүлнәр Үйсінбаева осында қызмет етуде. Ең алдымен есепші болып жұмыс істесе, 18 жылдан бері аймағымыздағы үздік қосымша білім беру орталығының жетекшісі қызметінде.

 

- Клуб қарамағында өте көп мұғалім бар. Спортта, өнерде де дарынды, жұлдызды шәкірттерді тәрбиелеп отыр. Түлектер бүкіл дүниежүзінде жұмыс жасап жүр. Біздің өнерлі мұғалімдердің арқасында балалар өз жолын тауып жатыр деп ойлаймыз,-деді «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының жетекшісі Гүлнәр Үйсінбаева.

 

«Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы әр тәрбиеленушінің шығармашылық әлеуетіне ерекше мән береді. Мұнда вокал, хореография, бейнелеу өнері және тағы басқа үйірмелер жұмыс істейді. Мерейтойлық шарада жас таланаттар сахнада өз өнерлерін көрсетті.

Аталмыш клубтың оқушылары облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Ал түлектері өмірде өз орнын тапқан өз ісінің мамандары. Айта кетейін, қазіргі уақытта мұнда 4 мыңға жуық шәкірт тәрбиеленуде.