Павлодарлық театр актерлері онлайн форматта жұмыс жасауда

Онлайн-театр – бұл қызықты жобалардың кезеңі. Оның бірі - тарихи. Театр актерлері Александр Аммосов, Нина Билова, Татьяна Головатенко Испания, Англия сынды елдердегі өнердің дамуы туралы айтуда. Бүгін кезекті шығарылымды дайындау үстінде. Ол Англияға арналған.

 

- Бұл бағдарламаға қосылған қалған жобалар біздің көрермендермен байланысымыз үзілмегенін, диалогымызды көруге мүмкіндік береді. Біз театрдың жұмыс істеуі үшін, бұрынғы қалпында қалдыру үшін барымызды саламыз, - деді Чехов атындағы театрдың директоры, көркемдік жетекшісі Виктор Аввакумов.

 

Ал актерлер үшін бір жаңа тәжірибемен алмасу. Театрдың барлық жобаларын чеховтықтардың ресми ютуб-каналынан көруге болады. Өздерінің сүйікті қойылымдарын сағынғандар үшін толық жазылым бар. Онлайн жұмыстар жалғасуда.