Павлодарлық іздестіру жасағы Ұлы Отан соғысы ордені иегерін тапты

Іздестіру жасағы 3-ші дәрежелі Даңқ орденін тапқан. Командир Александр Шитов бастаған «Майдан Жолы» жасағы үкіметтік марапат иегерін іздестіруге кірісті. Бұған әріптестерімен Латвия және Литва тарихшылары сүбелі үлес қосты. Олар жәдігердің Челябин облысының тумасы Сурков Петрге тиесілі екенін анықтаған. Ержүрек сарбаздар Ленинград облысында фин әскерінің жауға қосылуына тосқауыл болыпты. 

 

- Свирь өзеніндегі шайқаста Петр Сурков жасақты басқарып биіктікті ақтық демі қалғанша қорғаған. Бұл «Батырлар жолымен» акциясы аясында ұйымдастырылған, - деді «Майдан Жолы» іздестіру жасағы командирінің орынбасары Асхат Мұқанов. 

 

 

«Майдан жолы» жасағының өкілдері марапатты Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Бас консульдігіне және батырдың туыстарына салтанатты түрде табыстады. Павлодарлық іздеушілер маңызды шайқастар өткен жерге қайта баруды көздеп отыр. Нақтырақ айтқанда Свирь өзені ағып жатқан Ленинград облысының Лодейнополь ауданының аумағына аттанбақ.