«Көктем келді»

Бұл бақандай музыкалық қойылым. Сюжеттік желісі мен терең мағынасы көрерменнің көңілінен шықты. Қалалық мәдениет сарайының сахнасы ұлан ғайыр кең байтақ далаға айналғандай. Табиғаттың тылсым дыбыстарын Иса Байзақов атындағы филармония әртістері жеткізе алды. Көрермендердің саны шектеулі болғанына қарамастан, шапалақ соғу тоқталмады.

            

Естеріңізге салсақ, биыл Иса Байзақов атындағы облыстық филармония 75 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған байланысты алда тағы бірнеше концерт жоспарланған.