Бүгінгі кейіпкер өмірінің 40 жылын ұстаздыққа арнаған

Зоя Михайловна 1941 жылы соғыс басталған жылдары бар-жоғы 6 жаста болған. Балалық шағы майданда өтті. Отбасымен Чита қаласында тұрып,  жауынгерлерге көмектескен.

 

- Балаларды мұғалімдер жинап алып, орманға Тайгаға баратынбыз. Онда біз жаңғақтар, бүршіктерді жинайтынбыз. Мұғаліміміз үнемі бұл әскерилерге дейтін. Біз бала болғандықтан нақты не үшін екенін түсінбедік, - деді тыл еңбеккері Зоя Кудрявцева.

 

Соғыстан ата-анасы, 3 туғаны аман-есен шыққан. Алайда уақыт өткен соң олардан айырылып қалды. Тұрмысқа шыққан соң, осы жаққа қоныс аударған. Зоя апа 40 жылдық тәжірибесі бар педагог. Тынбай еңбек еткені үшін түрлі марапаттар алған.

 

- Барлық берілген сағаттарда сабақ өткізетінмін. Қиын деп ешқашан бас тартпайтынмын. Тіпті сахнада өнер көрсету қажет болса қуана шығатынмын. Барлығына белсенділікпен қатыстым, - дедіЗоя Кудрявцева.

 

Зоя Михайловна жолдасымен 57 жыл бақытты өмір сүріп, алтын тойларын да атап өткен. Алайда 12 жыл бұрын ол қайтыс болған. Қазір 4 баласы, 6 немересі, 9 шөбересі бар бақытты ана. Зейнетте бос отырмай үй шаруашылығымен айналысып, жақындарын тәттілерімен қуантады.