• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккен 120 отбасыға қолдау көрсетілуде

Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккен 120 отбасыға қолдау көрсетілуде

 

 

Павлодар облысындағы аудандар бойынша табиғи апат салдарының шығындары есептелуде деп жеткізді irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына өтемақы төленген. Барлығы 120 отбасы зардап шеккен. Жалаулы ауылында көбісінің үйі судан жарамсыз болып қалды. Ең көп өтемақы соларға төленді. Ал басқа елді мекендерде негізінен жиһаз, тұрмыстық техника мен жөндеуге ақша керек. Шарбақты мен Тереңкөл аудандарында да екі үйді апатты деп тапқанымен оларды қайта тұрғызбай, орнына басқа үй сатып әперуді шешкен.

 

- Өңірде қалпына келтіруге келмейтін 7 үй тіркелді. Оның ішінде екі отбасыға сол елді мекенде басқа тұрғын үй сатып алынды. Ал қалған бес отбасы үшін Ақтоғай ауданы, Жалаулы ауылында жаңа үйлердің құрылысы басталды. Жұмыстарды үш айдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз,-деді Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы Дидар Ибраев.

 

Әкімдікте көп жағдайда көмекті демеушілер көрсеткенін атап өтті. Жалпы су тасқынынан зардап шеккендерге бюджеттен тыс 200 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетілген.