• Басты бет
  • Қоғам
  • Әбілқайыр Сқақов бірінші кезекте жергілікті шыны шығару кәсіпорнының жұмысымен танысты.

Әбілқайыр Сқақов бірінші кезекте жергілікті шыны шығару кәсіпорнының жұмысымен танысты.

Анықталғандай, олар өз өнімдерін қазақстандық нарықта ғана емес, сондай-ақ, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресейге сатады. Ары қарай кәсіпті дөңгелету үшін атқарушы билік тарапынан жәрдем сұрауда. Айтуларыша биыл жаңа цехтың құрылысын бастағалы жатыр. Оған 10 миллиард теңгеге дейін қаражат құды жоспарлапты. Кәсіпорын қуатты көп пайдаланады. Осы орайда жылу және электрмен қамтамасыз ету жағдайы бойынша көмек керек.

Аймақ басшысы бұл мәселені қызмет көрсетуші компаниялармен бірлесіп, шешуді тапсырды. Ал жиһаз шығарушы кәсіпорын жаңартудан кейін, мектепке арналған парталар мен орындықтарды өндіруде. Облыс әкімі өз кәсіпорындарымызды дамытудың маңыздылығын айтты. Және бұл тарапта барлығы табықа кенелетіндігін бас айтты.

Ал азық-түлік шығаратын кәсіпорын жартылай фабрикаттардың 80 атауын өндіреді. Бизнес басшысының айтуынша, карантин кезінде бірде-бір қызметкер жұмысынан айырылған жоқ. Тіпті, өнім көлемін арттыра алған. Тіпті Ресейде бөлімшелері бар екен.

Артынан аймақ басшысы болат құю кәсіпорының жұмысымен танысты. Әзірге өз өнімдерін Павлодар облысында сатуда. Өндіріс ошағы биыл жаңа цех ашып, алюминий радиаторларын шығаруды жоспарлап отыр. Жаңа өнім үшін шикізатты жергілікті зауыттан алмақ.

Жаңа өндірісті ашуға кедергі болған басты мәселе – пандемия. Оның салдарынан Италиядан бірнеше құрылғы жеткізілмеді. Дегенмен, кәсіпорын жыл соңына дейін алғашқы радиаторларды шығаруды көздеп отыр.