• Басты бет
  • Қоғам
  • Шілде айынан бастап барлық кәсіпкерлерде POS-терминалдар болуы керек

Шілде айынан бастап барлық кәсіпкерлерде POS-терминалдар болуы керек

POS-терминалдар күнделікті сауда нүктелерінде кездесетін құрылғы. Бірақ осы уақытқа дейін, кәсіпкерлер кейбірі тәртіпке мойынсұнса, өзгелері есеп жасаушы қондырғыларды қоюға асықпаған еді. Енді барлығы тәртіпке бағыну қажет. 

 

- Шілденің 1-нен бастап тек Елорда, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда ғана емес, салық заңнамасына сәйкес бюджетпен есеп айырысудың тәртібін қолданатын барлық жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар төлемдер қабылдауға арналған жабдықтарды орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті, - деді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Галина Бирюкова. 

 

Сауда қызметін жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлерде төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдық болмаса бірінші рет ескерту жасалады. Бір жыл ішінде олқылықты жоймаса, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК; орта кәсіпкерлікке – 60 АЕК; ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 80 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.