• Басты бет
  • Қоғам
  • Суворов зиратына келушілерді өз артынан қоқысты жинауға шақыруда

Суворов зиратына келушілерді өз артынан қоқысты жинауға шақыруда

 

 

Ата-аналар күні кезінде аталмыш жерге 40 мыңнан аса адам келеді дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Биыл ата-аналар күні мамырдың 14-іне жоспарланған. Қазіргі уақытта, Суворов зиратын қыстан кейін тазалау жұмыстары аяқталуға жақын. Мердігер аумағы 100 гектарды құрайтын телімді ретке келтіру қиын болғанын жасырмады. Алдағы зираттарды тазалау күні қарсаңында қала тұрғындарынан барынша қоқыс шашпауға шақырды.

 

- Ата-аналар күні кезінде аталмыш жерге 40 мыңнан аса адам келеді деп күтілуде. Жалпы мұнда 80 мыңға жуық адам жерленген. Олардың туған-туыстары келгенде тазалық сақтауды сұраймыз. Қоқыстарыңызды өзіңізбен бірге алып кетуге немесе кем дегенде жолдың бойына жинап қоюды сұраймыз. Жыл сайын аталмыш шарадан кейін 5 мың текше метрге дейін қоқыс қалады. Мұндай көлемді қысқа уақытта жинау мүмкін емес,-деді мердігер Анатолий Конвишер.

 

Қазіргі уақытта, тазалық жұмыстарына 4 адам және 2 жүк, сонымен қатар бір тиегіш арнайы техникасы жұмылдырылған. Зираттың күтіміне бюджеттен 8 миллион теңге бөлінді. Бұған қарамастан, мердігер ата-ана күнінен қалған қоқысты жинап кетуді өтінеді.