«Рубиком» компаниясы ардагерлерді құттықтады

«Рубикомнан» келген қонақтарды Николай Ступка қуанышпен қарсы алды. Ол жасы 18-ден енді асқанда соғысқа аттанған. Бүгін өзінің майдан жолын қайта есіне түсірді. Әскерге 1944 жылы шақыртылып, Жапониямен шайқасқа қатысқан.

 

- Жапондықтарда біздегідей қару-жарақ болды. Біз бір жақтан, олар екінші жақтан тұрдық. Біздің жолымыз болды. Бірнеше рет қиындыққа тап болдық. БТР, танкілер болды. Соғысқа аяқталуға жақын қалғанда бардым. Кейін Қытайда әскерде қалдым, - деді Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Ступка.

 

 

«Рубиком» өкілдері 170-тен астам ардагерге барған. Әрқайсысына сыйлықтарымен. Үлкен азық-түлік жиынтықтарын табыстады.   

 

- Біз үшін мұндай адамдармен тілдесу өте маңызды. Арамызда қалғаны көп емес. Біз үшін өз Отанын сүйетін батылдықтың, ерліктің белгісі. Олардың арқасында бүгін біз бейбіт аспан астында өмір сүрудеміз, - деді «Рубиком» компаниясының өкілі Лилия Андреева.    

        

Ленин кенті, Черноярск ауылдық округі, Павлодарское ауылы және облыс орталығының Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне барып қайтты. Акция жалғасуда.