Павлодар облысында 1200 гектар орман жанып кетті

Мемлекеттік орман қорындағы өртке қазір отты абайсыз пайдалану себеп болған деген болжам бар. Негізі жалын Галкино ауылынан тараған. 

 

- Жеке құрамның 206 адамы жұмылдырылды. Бұл ТЖД «Ертіс орманы», Шарбақты ауданы ауылдық округтерінен еріктілер және 50 бірлік техника болды, - деді Павлодар облысы ТЖД басшысы Ернұр Өтегенов.

 

Нәтижесінде 1200 гектар алқап отқа оранған. Оны тез сөндіруге қатты жел де кедергі келтіріпті. Өрттен зардап шеккен жануарлар анықталмаған. Қазіргі таңда тексеріс жүргізілуде.

 

- Қазір облыстық деңгейде қызметтік тергеу жүргізіледі. Орман шауашылығына жататын 300 гектар, орманмен көмкерілген 30 гектар өртенді, - деді орман шаруашылығы және жануарлар әлемі ОАИ басшысы Руслан Тулепбаев.

 

 

Айта кету керек, оқиға орнында арнайы штаб құрылған. Жалынның елді мекендерге таралу қаупі жойылды. Әйтпегенде ол жалын басталған аумақтан 10-15 шақырым жерде орналасқан Садықащы және Сүгір ауылдарына тарайтын еді.