• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда 29 жасар келіншекті екі жарым жылға бас бостандығынан айырды

Павлодарда 29 жасар келіншекті екі жарым жылға бас бостандығынан айырды

Екі қарт әйел арнайы жолақ арқылы жолдан өтіп бара жатқандаBMW X5 көлігін басқарған келіншек оларды қағып кеткен. Жапа шегушілерді бірден ауруханаға жатқызды, алайда біреуі сонда көз жұмады. Жүргізуші оқиға орнында көмек бермекші болған. Және тергеу барысында өз айбын жоққа шығарған жоқ.

 

- ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлімінде қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы берілсін, - деді Павлодар қалалық №2-сотының судьясы Жанар Турлубаева. 

 

 

Сотталушы қоныс колониясында жазасын өтейді. Оның дүкенде сатушы болып жұмыс жасағаны белгілі. Және келіншекті жалпы көлемі 4 миллион теңге моральдық және материалдық шығынды өтеуге міндеттеді. Ал темір тұлпар тізгініне тек 5 жылдан кейін ғана отыра алады. Келіншектің артында кәмелекетке толмаған ұлы мен күтімді қажет ететін анасы қалды. Олардың құқығын сот туысына өткізді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.