• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда есірткі қолданған дене шынықтыру мұғалімі жұмыстан шығарылды

Павлодарда есірткі қолданған дене шынықтыру мұғалімі жұмыстан шығарылды



Қалалық мектептердің бірінде еңбек еткен педагог психотроптық заттарды қолданған деп хабарлайды irbistv.kz. тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұл дерек 2023 жылдың қазан айында тіркелген. Тәртіп сақшылары есірткі тасымалдаған 26 жастағы ер адамды анықтаған. Ал оның жанындағы әйелдің мұғалім екені белгілі болды.

- Облыс орталығындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру мұғалімі психотропты заттарды қолданған. Тергеуші бұл жөнінде білім бөліміне хабарлап, мұғаліммен еңбек келісімі жойылған. Сонымен қатар, педагог жұмысын дұрыс қадағаламағаны үшін мектеп директоры тәртіптік жазаға тартылды,-деп жеткізді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде.

 

Фото: pixabay.com