• Басты бет
  • Оқиғалар
  • Павлодарда әйелге пышақ сілтеген ер адам психиатриялық ауруханадан шықты

Павлодарда әйелге пышақ сілтеген ер адам психиатриялық ауруханадан шықты

Оған жақында өтіп бара жатқан полицейлер араша түскен еді. Сол кезде ер адам өзіне бір дауыстар адам өлтіру керек деп айтқанын мойындаған.

 

- Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдікті тұлғаның Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды.  Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу барысында кешендік сот-психиатриялық сараптамасы тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша күдікті тұлғаның әрекетіне құқықтық баға беріледі, - деді Павлодар қаласы оңтүстік полиция бөлімі тергеу бөлімшесі басшысының орынбасары Ренат Ахметзянов.

 

Ал Павлодар облыстық психдиспансер мамандары біз емдеу шараларының барлығын өткіздік деп отыр. Ер адам мұнда үш ай емделген. Алайда құқық қорғау органдарынан оған қатысты сот психиатриялық сараптама жүргізу туралы қаулы түспеген.

 

- Егер қылмыстық іс ашуға себеп болса, бірден кешендік сот-психиатриялық  сараптамасы тағайындалар еді. Соның нәтижесі бойынша оған мәжбүрлі ем қажет пе, жоқ па шешім шығарылар еді. Алайда сот психиатриялық сараптама жүргізілмегендіктен, қаулы болмағандықтан ол емделіп жағдайы жақсарған соң үйге жіберілді, - деді Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы  психиатриялық қызмет бойынша бас дәрігердің орынбасары Виктория Ефимова.

 

Дәрігерлердің айтуынша қазір науқас аса қауіпті пациент ретінде есепке қойылған. Бұл оның  ай сайын психиатр дәрігердің қабылдауында болуы керектігін білдіреді.