Павлодарлық заттық айғақ ретіндегі көлігін сата алмай жүр

Иван Дацко темір тұлпарды 2013 жылы сатып алып, бір жылдан соң сатпақ болыпты. Сол кезде криминалситер көліктің  VIN-коды ауыстырылғанын байқайды. Аталмыш дерек бойынша бірден қылмыстық іс қозғалған. Енді бұл көлік осы іске қатысты айғақ зат болып табылады. Оны Иванға дейін кім ауыстырғаны - әлі күнге жұмбақ.

 

- Маман көлікке арнайы ертінді жаққан кезде оның  VIN-коды басқа екенін сәйкес келмейтінін анықтады. Яғни өз кодын алып тастап басқасын дәнеркерлеген. Әрі қарай не болатынын білмеймін. Мен тіпті шетелге шыға алмаймын. Ал VIN-кодты ауыстырып салған адам табылған жоқ. Алайда құқық қорғау органдарында маған біз сені түсінеміз, бірақ заңға қайшы ештеңе істей алмаймыз деп айтты, - деді көлік иесі Иван Дацко.

 

Иван қазір бұл көліктің салығын төлеп жүр. Алайда оны сата алмайды, сыйлауға да заңмен тыйым салынған. Тіпті ол бүлініп қалса, басымен жауап береді. Ер адам бірнеше рет сотқа жүгінген. Алайда мәселе әлі күнге дейін шешімін таппаған. Прокуратурада қылмыстық істі жабуға негіз жоқ деген. Ал полицияда қайта сотқа жүгінуді ұсынды.

 

- Көлік иесіне қылмыстық істің барлық материалдарының көшірмесімен қуыным түсіріп, сотқа жүгіну қажет, - деді Павлодар қаласы солтүстік полиция бөлімі тергеу бөлімінің басшысы Ғалымжан Гатин.

 

 

Тек осылайша ғана Иван өзінің алаяқ сатып алушы емес екенін дәлелдей алады. Тек содан кейін ғана машинаны сатса да, бөлшектеп тастаса да өзі біледі.