Шарбақтыда мас күйінде скутер жүргізген ауыл тұрғыны қамауға алынды

Ауылда теңселіп келе жатқан скутер полиция назарына түсіп қалған деп жеткізді irbistv.kz тілшісі.


Шарбақты ауылында 1 мамыр көшесінде полицейлер скутерді тоқтатқан еді.

 

-Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Сараптама жеңіл дәрежедегі май күйін көрсетті. Белгілі болғандай, ауыл тұрғынының жүргізуші куәлігі де жоқ. Сот шешімімен ер адам әкімшілік қамауға алынды, - деді Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Қайрат Сатыбаев.


Айта кетейік, биыл Павлодар полицейлері көлік құралдарын мас күйінде жүргізген 420 жүргізушінің жолын кесті, оның 4-і Шарбақты ауданында.

 

Фото: Павлодар облысы ПД