Жыл басынан бері Павлодар облысында 16 пәтер ұрлығы тіркелді

 

Қазір полиция Павлодарда тұрғын үйден қымбат жөндеу құралдары мен зергерлік бұйымдарды ұрлаған азаматтарды іздестіруде деп жеткізді irbistv.kz тілшісі.

Полицияға қала тұрғыны жүгініп, белгісіз біреу үйінен су жылытқышты, бұрағышты, перфораторды ұрлағанын айтты.

-Жалпы шығын сомасы 300 мың теңгені құрады. Облыс орталығының тұрғыны зергерлік бұйымдар мен ұялы телефоннан айырылып қалғанын айтты. Қазір тәртіп сақшылары осы ұрлыққа қатысы бар адамдарды анықтауда, - деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басшысы Балғабай Қапаров.

Полицейлердің айтуынша 13 ұрлық бойынша күдіктілер ұсталған. Сегіз қылмыстық іс сотқа жіберілді. Биыл 16 пәтер ұрлығы тіркелген. Қаскүнемдер үй иелері шығып кеткенде, зергерлік бұйымдарды, ақша мен тұрмыстық техниканы, құралдарды, ұялы телефондарды ұрлауға кіріседі.