Қарт әйелді қағып, мерт қылған жүргізушіге үкім шықты

Жол көлік апаты қазан айында жаяу жүргіншілер жолағында орын алған. Ол уақытта бұл жерде тым қараңғы болған еді. 51 жастағы көлік жүргізушісі екі қария адамды қағып кетті. Әйел оқиға орнында көз жұмды.  Бүгін кінәліге қатысты үкім шықты.

 

Судья шешімін оқыды: «ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлімі бойынша қылмыстық құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылып 2 жыл алты айға темір торға қамау жазасы тағайындалсын».

 

 

Жазасын абақты ауылда өтейді. Сонымен қатар 66 жастағы әйелдің туыстарына 6 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді. Және прокурор екінші жапа шегушіні емдеген кезде мемлекетке келтірілген 92 мың теңге шығынды да қосып берді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.