Елена Белус: «Зал суық болып, қатысушылар ауырып қалды»

Павлодарлық арулар үш қола және күміс медаль еншіледі. Топтық құрамалар арасындағы сайыстың қорытындысы шықты. Жастар ойындарына басқа аймақтардың бапкерлері мықты бишілерін қатыстырды. Арасында спорт шебері мен үміткерлері және 1-ші разряд иелері бар. Жеке сында жүлделі орын болмады.   

 

- Жастар ойындарына дайындық қиын өтті. Баянтауда жылу мен жарық болмады. Біз залдағы температура 12 – 14 градус болғандай жаттығуға мәжбүр болдық. Павлодардан шыққанда балалардың көбісі сырқаттанып қалды. ПЦР тест тапсырып, нәтижесі расталмады, - деді ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Елена Белус.

 

Жастар ойыны - бір жарым жылдық үзілістен кейінгі алғашқы жарыс. Мамандар сайыстардың болмауына байланысты нәтиже төмен дейді. Мәселен, әрдайым көшбасшы позициясынан түспейтін оңтүстік Қазақстан өкілдері де жүлдеден қалыс қалды.   

 

- Алматы қаласының командасы медальсіз қалды. Ал Нұр-Сұлтандық ұжым керемет нәтижеге қол жеткізді. Олардың әрбір жас тобында чемпиондары бар. Топтық сайыста жақсы өнер көрсетуге тырысамыз, - деді Елена Белус.

 

Қорытынды іріктеудің нәтижесі бойынша жерлестеріміз - 4-ші орында. Елордалықтар - көшбасшы. Жарыс қожайындары Шымкент екінші тармаққа жайғасса, ШҚО үздік үштікті қорытындылады. Аруларымыздың келесі жарысы Қазақстан кубогы болмақ. Ол келесі аптада Ақтау қаласына жоспарланған.