Павлодар садақшылары көптен күткен жарысқа қатысты

Павлодарлық садақпен ату шеберлері сайысты тағатсыздана күтті. 12 айдан кейін бәсекелестікті сезіне бастады. Александр Гритчин - 18 және 25 метрде қола медаль иегері. Бір жыл бойы басқа облыс мергендерінің шеберлігі артқан.

 

- 35 және 18 метр қашықтықта өнер көрсету қиын болды. Мен Юрий Белокуровқа қарсы шықтым. Нәтижеміз бірдей 577 ұпайдан. Кейін мен алға шығып кеттім, - деді Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Александр Гритчин.

 

Татьяна Пак әрбір спортшының дайындығын жіті бақылайды. Павлодарлық садақшылардың техникалық базасы ескі. Соған қарамастан, Павлодар намысы жоғары деңгейде қорғалуда.  

 

- Нәтиже көңілімнен шықты. Гритчин Саша үшінші орын алып қана қоймай, спорт шебері нормативін орындады. Арулар тобында Иса Қарлығашты атап өткім келеді. Облыс құрамасына шықырту алып, екінші ересек разрядын орындады, - деді Татьяна Пак садақпен атудан жаттықтырушы.

 

Павлодарлық арулар да топ жарды. Дарья Бородихина, Кристина Редько және Адель Айғазинова бір команда ретінде өнер көрсетті. Алматыдағы жарыс кезінде олар Орал және Нұр-Сұлтан өкілдерін артта қалдырды.   

 

- Біз Шымкент қаласына қарсы шығып, олар мықтырақ болды. Дайындық пен техникалық құрал-жабдықтары бізден қарағанда жақсы. Командалық сайыс кезінде жеке өзінің нәтижең ғана емес, барлығы саналады, - деді Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Дарья Бородихина.

 

2021-ші жылы павлодарлық шеберлерді жаңа жарыстар күтуде. Көбісі көктем мезгіліне жоспарлаған.