• Басты бет
  • Спорт
  • Павлодарда шаңғы базасының күрделі жөндеуі жазда аяқталады

Павлодарда шаңғы базасының күрделі жөндеуі жазда аяқталады

 

 

 

Салтанатты ашу рәсімі бірнеше рет ауысқан нысан жайлы спорт шененіктері түсініктеме берді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

«Зеленая роща» шаңғы базасындағы күрделі жөндеу не қыста, не күзге дейін дайын болмай шықты. Былтыр аймақ басшысы Асайын Байханов бұл туралы айтып, қала әкімдігінің жұмысын сынға алған еді. Кезінде ауқымды жарыстар ұйымдастырылған еліміздегі үздік шаңғы және роллер трассасаларының бірі әбден тозығы жетіп, әлі жаңартылып жатыр. Айту керек, ауқымды жобаға қаражат өткен жылдың басында бекітіліп берілген еді. Басында конкурстық тығырық болса, енді мердігер нысанды мерзімге сай аяқтап үлгермей жатыр екен.

 

- Наурызда ашамыз деп жоспарладық. Бірақ кейінге ауыстырылып, енді шілде айында деп отырмыз. Тапсырыс беруші қалалық әкімдік. Жоба барлығы дайын болғанымен, мердігер үлгере алмай, шілде айынды әкімшілік ғимараты іске қосылады,-деді Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаев.

 

Айту керек, шаңғы роллерлік трассадағы жөндеу соңғы рет 10 бұрын жасалған еді. Сонымен қатар, киім ауыстыру мен жуынатын бөлме бойынша қиындық көріп жүрген спортшылар үшін жаттығу залы да бой көтермек.