Мамандар елімізде ең жиі ұрланатын көліктерді атады

 



Lada маркалы көліктер елімізде ең жиі ұрланатыны, - деп хабарлайды irbis.tv тілшісі "Nomad Insurance" АҚ сақтандыру компаниясына сілтеме жасап.

"Lada маркалы көліктердің көбісінде қарапайым дабыл беру жүйесі жоқ, ол көлікті екі сымды қосу арқылы жүргізе беруге болады", - дейді компания өкілдері.

Сонымен бірге екінші орында Тoyota (Corolla, Camry, Prado, Toyota Land Cruiser, RAV 4) тұрса, 3-орында - Mazda (626-шы модель) көлігін жиі айдап кетеді екен.

 

"Компания өкілдері дайындаған мәліметтерінің көбісі ҚР ІІМ ресми статистикасындағы мәліметтермен сәйкес келеді. Мысалы, 2015 жылы Қазақстанда 890 автокөлік ұрлау дерегі анықталса, 2 919 көлікті айдап әкету дерегі тіркелген. Ал 2014 жылы 771 ұрлық пен 3 854 айдап әкету дерегі болса, 2013 жылы 875 көлік ұрланып, 4 457 көлікті айдап әкеткен", - деді сақтандыру компаниясының өкілдері.