Құрылтай сайлауына қатысуға жеті партиядан 545 кандидат тіркелді
Орталық сайлау комиссиясының берген ақпараты бойынша Құрылтай сайлауына қатысуға жіберілген жеті саяси партияның мүшелерін тіркеу аяқталды. 145 депутаттық мандатқа барлығы 545 үміткер тіркелген, - деп хабарлайды irbistv.kz орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың өкілдігіне қойылатын талаптарды барлық саяси партиялар сақтады. Жалпы партиялық тізімдер бойынша аталған санаттардың жиынтық үлесі 43,9%-ды құрайды. Оның ішінде 172 - әйелдер (31,56%), 373 - ерлер. 35 жасқа дейінгі 74 кандидат бар. Орташа жас - 45,4 жас», - деп хабарлады ОСК хатшысы.
