Қарттар күні: Павлодарлық халыққа қызмет көрсету орталығында зейнетақы куәліктері табысталды
Павлодар облысының ХҚКО-ларында қарттар күніне арналған шара өтті дейді irbistv.kz тілшісі.
1 қазан халықаралық қарттар күні мемлекеттік корпорацияның Павлодар облысы бойынша филиалы акция өткізіп, қызметкерлер қарияларды құттықтап, зейнетақы куәліктерін табыстады.
-Филиалдың фронт-офистеріне 40-қа жуық қызмет алушы зейнетақы тағайындау қызметі бойынша жүгінеді. Қарттар күні еліміз бойынша барлығы 800-ге жуық азамат куәлік алды. Ең көп зейнетақы куәліктері Алматы қаласында және Түркістан облысында, ал ең аз мөлшері Ұлытау облысында берілді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 2,5 миллионға жуық зейнеткер бар, олардың 12 мыңнан астамы Павлодар облысында тұрады,-деп хабарлады мемлекеттік корпорацияның Павлодар облысы бойынша филиалында.
Аталған қызметті алушылар зейнетақы куәліктерін тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары деңгейде болғандығы, сондай-ақ ыңғайлы сервистер арқылы жүзеге асқандығы жайлы айтты.
Фото: Freepik.com