Қазақстанда құрбан айт мерекесінің датасы ауысты

 

 

Бұған дейін діни мерекелер күнтізбесінде де, Қазақстанның 2024 жылғы мерекелер күнтізбесінде де Құрбан айт мерекесі 17 маусымға белгіленген еді, енді айт мерекесінің бірінші күні – 16 маусым болды деп хабарлады irbistv.kz тілшісі ҚМДБ сілтеме жасап.

 

Құрбан айт датасының ауысуын ҚМДБ түсіндіріп берді.

 

-Діни басқарма хижри айларының басталуын халықаралық астрономия зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасайды. ҚМДБ діни мерекелердің нақты күндерін жаңа айдың көрінуіне байланысты бекітеді. Ол мерекеге 10 күн қалғанда бекітіледі. Жыл басында жасаған кестеге ескерту ретінде мерекелердің бір күн ары-бері жылжуы мүмкін. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді, – деп жауап берді ҚМДБ.