Қазақстанда темекі қымбаттады

 

 

Қазақстанда темекінің ең төменгі бөлшек саудадағы бағасы өсті. Бұл туралы Қаржы министрінің бұйрығында айтылған, деп хабарлайды irbistv.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Бұйрыққа сәйкес, 2026 жылдың 1 тамызынан бастап 20 дана темекі салынған бір қораптың ең төменгі құны 1060 теңгені құрайды. Жаңа баға 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қолданылады. Бұған дейін, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі бөлшек сауда бағасы 970 теңгені құраған болатын.

 

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір қорап темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 1120 теңгеге дейін тағы өседі.

 

Белгіленген бағалар фильтрі бар және фильтрсіз 20 темекіге, папиростарға, сигараларға және қыздырылатын темекі өнімдеріне қолданылады.