Павлодар облысында Құрылтай депутаттарын сайлау барысында 536 сайлау комиссиясы жұмыс жасайды
Павлодар облысында Құрылтай депутаттарын сайлауды өткізуді қамтамасыз ететін сайлау комиссияларын жасақтау аяқталды, деп хабарлайды irbistv.kz.
Өңірде әртүрлі деңгейдегі барлығы 536 комиссия жұмыс істейтін болады. Олардың қатарында — бір облыстық, 13 аумақтық және 522 участкелік сайлау комиссиясы бар. Дауыс беруді ұйымдастыру, өткізу, дауыстарды санау және тиісті деңгейлерде қорытынды шығару міндеті дәл осы комиссияларға жүктелген.
