• Басты бет
  • Қазақстан
  • Павлодар облысында сайлау процесіне қатысушылар электоралдық оқытудан өтуде

Павлодар облысында сайлау процесіне қатысушылар электоралдық оқытудан өтуде

 

Сайлау комиссияларының мүшелері практикалық дағдыларын жетілдіріп, дауыс беру күні туындауы мүмкін стандартты және төтенше жағдайларды талдауда. Ал курс аяқталған соң материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін QR-код арқылы онлайн-тестілеуден өтеді, деп хабарлайды irbistv.kz.

Павлодар облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Аманжолованың айтуынша, бүгінгі таңда өңірдегі қалалар мен аудандардың барлық аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері оқуды аяқтады. Жалпы 98 адам арнайы дайындықтан өтті.

- 3 тамызда участкелік сайлау комиссиялары өз жұмысына кіріскен кезде, участкелік комиссиялардың қалған 3 348 мүшесі де оқытумен қамтылады, – деп атап өтті Гүлнар Аманжолова.

Облыстық сайлау комиссиясы электоралдық оқытудың негізгі мақсаты — комиссия мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыру, сайлау заңнамасының нормаларын біркелкі қолдануды қамтамасыз ету және сайлау процесін жоғары деңгейде ұйымдастыру екенін айтты.