Жаңа жыл қарсаңында шығынды қалай азайтуға болады?
Мерекелік көңіл күйді қалыптастыру үшін тағамның көп болуы шарт емес.
Жаңа жыл жақындаған сайын базар мен дүкендерде қарбалас басталады. Мерекелік дастарханды толтыру үшін қазақстандықтар қомақты қаражат жұмсауға дайын деп хабарлады irbistv.kz тілшісі.
Сарапшылардың айтуынша, дәл осы мерекеде көптен қалмас үшін қарызға бататындар бар. Мұны "мейрамдағы ысырапшылдық синдромы" деп те атайды екен.
- Жаңа Жыл - көпшілік ең асыға күтетін мерекенің бірі. Бұл күні қазақстандықтар үйін безендіріп, жақындарын шақырып, дастарханды барынша мол жаюға тырысады. Оған қыруар қаржы жұмсайды. Тіпті мереке үшін қарызға кіретіндер де бар. Дегенмен көп шығындалмай-ақ, бұл күнді көңілді әрі асқа толы дастарханмен қарсы алуға болады. Мәселен, мерекелік дастарханды әдемі безендірсеңіз, тағамды көп дайындаудың да қажеті жоқ, - дейді сарапшылар.
Мерекелік дастарханды мол етіп жаю үшін қымбат өнімдерге емес, қолда бар азық-түлікке мән беру керек. Тағамдарды дұрыс үйлестіріп, әдемі етіп ұсыну да шығынды едәуір азайтады.
Фото: Freepik.com
