Мамырдың 9-ы Жеңіс күні құрметіне берілетін әлеуметтік төлем алатын азаматтар тізімі биыл ұлғайды. Қатарына таулы Қарабахтағы этнос аралық қақтығысты ретке келтіруге қатысқандар да қосылды.
Павлодарда адам өліміне әкелген жол-көлік апаты үшін 29 жасар келіншекті екі жарым жылға бас бостандығынан айырды. Естеріңізге сала кетейін, апат өткен жылдың қарашасында Сатпаев көшесі бойында сағат кешкі сегіздер шамасында орын алған еді.
Ол басқалар секілді қолдауға ие болып, барлығымен тең жұмыс істеп, өмір сүруге құқылы. Бұл ретте Павлодар облысында мұндай дертті жұқтырған адамдарға жұмыс беруші ұйымдармен келісім бар.
Павлодар облысында бүгін COVID-19 жұқтырған 54 адам тіркелді. Бұған дейін көрсеткіш төмен болып келген еді. Сонымен қатар өңірімізге індетке қарсы екпенің кезекті дозасы жеткізілді.
Естеріңізге сала кетейін, өткен жылдың қыркүйек айында тәртіп сақшылары 27 жастағы жігітті атып өлтіргені туралы хабарлаған болатын. Күдіктіні бірден ұстады, қаруы да тәркіленді.
Кеше қала сыртында орын алған апат туралы бүгін полиция департаменті түсініктеме берді. Боран салдарынан ең бірінші жүк көлігі мен жеңіл машина қақтығысқан.
Павлодар облысы санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес білім беру басқармасының басшысы арнайы баспасөз маслихатын өткізіп, бірқатар сауалдарға жауап берді. Сәуірдің 1-нен бастап облыс бойынша барлық оқушылар мектеп қабырғасына оралады. Тек сыныптағы балалар саны 25-тен аспауы керек.
Павлодарлықтар түбіртектердегі көрсеткіштер дұрыс есептелмеген дейді. Тексеру жұмыстары үшін тұтынушылар бірыңғай есептеу орталығына жүгінген. Нәтижесінде ұзын сонар кезектер пайда болды.