Павлодарда есірткі сату күдігімен 29 жасар жігіт ұсталды
Тиым салынған заттарды қолғабының ішіне тыққан күйде, қолға түсті деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Есірткі сатқан 29 жастағы күдікті жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында анықталып, ұсталды. Күдікті тыйым салынған затты Павлодар қаласының аумағында таратпақ болған.
-Күдіктіні жеке тінту кезінде құрамында синтетика тектес есірткі заты бар вакуумды байламдарды, сондай-ақ оның көмегімен тыйым салынған заттарды жасырын-қаптама әдісімен сатып алған ұялы телефон табылып, тартып алынды. Ұсталғанның айтуынша, ол ннтернеттің көлеңкелі сегментінде тыйым салынған заттар байламдарын алып, есірткіге тәуелді адамдарға жасырын-қаптамалар арқылы бірнеше бөлікке сатуды жоспарлаған. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы 2 грамм болатын психотроптық заттың аналогы болып шықты,-деп жеткізді облыстық полиция депаратментінде.
Есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны, жөнелткені не өткізгені үшін қылмыстық іс қозғалды.
Фото: Freepik.com