• Басты бет
  • Экономика
  • «Ұлттық қор – балаларға»: Павлодар облысында кәмелетке толғандар қаражатын қайда жұмсады?

«Ұлттық қор – балаларға»: Павлодар облысында кәмелетке толғандар қаражатын қайда жұмсады?

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының филиалында соңғы мәліметтермен бөлісті деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Қазақстан бойынша «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2025 жылы әр балаға жаплы 129,38 доллар аударылған. Екі жылдан бері қатысып келе жатқан балалардың жинақтарының жалпы сомасы 232,94 долларға ұлғайды. 18 жасқа толғанша бұл сома жинала береді. Жалпы Павлодар облысында кәмелетке толмаған 200 мыңнан аса жасөспірім бар болса, оның ішіндегі 10 мыңнан аса адам биыл 18-ге толмақ. Сәйкесінше, бірнеше жылда жиналған заңды қаражатты рұқсат етілген мақсатта қолдануға құқылы. Осы күні өтініш білдіргендер бойынша статистика белгілі.

 

- Қазіргі таңда «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы аясында жиналған қаражатты қолдануға қатысты 4 141 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 2 600 бала бұл қаражатты екінші деңгейлі банк шоттарына аударып алды. Негізінен баспана алу немесе баспана қорына жинақтау мақсатында,-деді «БЖЗҚ» АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры Владимир Питраков.

 

Сонымен қатар, кәмелет жасқа толғандар ұлттық қордан жиналған қаражатты білім беру төлеміне жұмсай алады. Бұндай бағытты 1600 облыс тұрғыны таңдаған екен. Айту керек, әрбір ата-ана балаларына бөлінген қаражаттарды «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасының ресми сайты kids.enpf.kz кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп, тексере алады.

 

Фото: Freepik.com