• Басты бет
  • Экономика
  • «ЕЭК» АҚ электр станциясындағы жөндеу жұмыстары жылу маусымына дейін толық аяқталады

«ЕЭК» АҚ электр станциясындағы жөндеу жұмыстары жылу маусымына дейін толық аяқталады

Өткен жыл еліміздегі коммуналдық сектор үшін оңайға соқпады. Сол себепті жылу маусымына дайындық көпшілікті мазалайтын бірден-бір сала. Осы орайда, қоғам алдындағы ашықтықты негізге ала отыра, Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы Ақсудағы электр станциясындағы баспасөз турын өткізді. Журналистер, қоғамшылдар мен халық қалаулылары күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарымен танысты. Айту керек, ЕЭК энергетиктері тарапынан алдағы жылыту маусымына әзірлікке 9,6 млрд теңге бөлінген еді.

 

- Қазіргі таңда мемлекет, Қазақстан Президенті тарапынан да қоғамшылдардың, мемлекеттік емес ұйымдар өкілдерінің селқостық танытпай, бақылау жүргізуіне ат салысуына ерекше назар салады. Ең бастысы бұл ақпарат қой. Егер халық жүргізіліп жатқан шаралар жайлы хабардар болса, өткен жылғы Екібастұздағыдай жағдайларды алдын аламыз деп ойлаймын. Бүгін біз электр станциясында жасалып жатқан жұмыстар уақытылы аяқталатындығына көз жеткізіп отырмыз. Қазірдің өзінде нәтижелер бар,-дейді Ақсу қалалық мәслихатының депутаты Қанатбек Байманов.

 

Баспасөз туры аясында қоғам белсенділері өздерін мазалаған сарақтарына жауап алды. Энергетиктер мәлім еткендей, күзгі-қысқы маусымға дайындық жалпы 23 іс-шарадан тұрды. Оған – №8 және №2 энергия блоктарын күрделі жөндеу де кірді.

 

-Жоспарланған іс-шаралардың жартысынан астамы орындалған. Жылумен қамтамасыз ету бойынша 68 іс-шара жоспарланған. Бұл бағытта да, басым бөлігі аяқталып отыр. Жылу маусымына дейін барлық жұмыстар уақытылы аяқталады. Өткен аптада тұрғын үйлер мен электр станцияны гидравликалық тексерістен өткізіп, сынақтар ұйымдастырылған еді. Бәрі кестеге сәйкес. №8 блокта күрделі жөндеу жасадық. Ешқандай қиындықтар болған емес,-дейді «ЕЭК» АҚ электр станциясының пайдалану жөніндегі басшысы Александр Поддубный.

 

Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорын ретінде «ЕЭК» АҚ бекітілген инвестициялық бағдарламаны және жылу өндіру қызметінің бағасын өзгертуге тапсырыс бермей жатып, жоспарланған жұмыстардың көбісін өз қаражаты есебінен атқаруда. Энергетиктердің айтуынша, жоспарланған іс-шараларды толығымен орындау - электр станциясына тоқтатусыз жұмысын істеуге, өз тұтынушыларын жылу энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.