«ЕRG Service» Павлодар машина жасау зауытында ірі жобалар жүзеге асырылуда
Жуық арада жап-жаңа қос кран өндіріске жол тартпақ. Мамандар жұмыстың соңғы сатысын аяқтауда. Жобаға екі апта уақыт кеткен. Бұл ретте, әр бөлігі мінсіз құрастырылған. Екеуі де бір кәсіпорынға жіберілмек.
- Қазіргі таңда Дон тау-кен байыту кәсіпорнының екі кранын жинаудамыз. Олардың басты ерекшелігі толығымен тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасына сәйкес жасалған. Сонымен қатар, кран жүйелерін неміс компаниясымен бірлесе орындадық,-дейді «ЕRG Service» ПМЗ инженер-технологы Владимир Шепель.
№43 кранның ұзындығы - 21 метр, 32 тонна жүкті оңай еңсереді. Ал 102 нөмірлі бұл машина — ERG Service Павлодар машина жасау зауыты инженерлерінің мақтанышы ретінде саналады. Оның салмағы небәрі 8 тонна, ұзындығы жеті жарым метр, дегенмен, 25 тоннаны көтеруге қауқарлы. Ол төтенше жағдайларда жұмыс істейді және бұған дағдыландырылған. Қашықтықтан басқарылады және аспалы алты түймелі басқару құралымен жабдықталған.
- Крандардың бірі 560 метрге қойылады, іс жүзінде жұмыс жер астында, жүргізіледі. Сонымен қатар, оған белгілі бір талаптар қойылады, яғни кран шағын, жүк көтеру күші жоғары және модульді болуы керек,-дейді «ЕRG Service» ПМЗ инженер-технологы Владимир Шепель.
Шағын әрі қуатты кран Дон тау-кен байыту кәсіпорнының ұнтақтау кешеніне қызмет атқарады. Айта кетейін, ERG Servicе мамандар Еуроазиаттық топтың барлық кәсіпорындарындағы ескірген крандарды жаңартпақ ниетте.
-Барлық крандарды жаңарту ойымызда бар. Сәйкесінше оларды жоғары өнімді жабдықтармен толықтырамыз. Атап айтқанда, рельстерді бекіту қазірдің өзінде белгілі бір модификацияға ие, жөндеу тезірек жүзеге асырылады,-дейді «ЕRG Service» ПМЗ директорыЕвгений Ивченко.
Бүгінгі таңда ERG Service Еуразиялық Топ кәсіпорындарының тапсырысы бойынша бірқатар жобаларды іске асыруда. Сапасы жағынан еуропалықтардан еш кем түспейтін өнеркәсіптік құрылымдармен қамтамасыз ету басты міндетке айналмақ.