«Halyk Bank» аз қамтылған отбасыдан шыққан 100 балаға тосын-сый жасады

 

 

«Halyk Bank» үшін «Мектепке жол» респкбликалық акциясына қатысу көп жылдық игі дәстүрге айналған. Биыл банкке 100 жыл толуына орай қызметкерлер еліміздің 25 аймағы мен қаласында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке жинауға көмектесуді шешкен. Олардың қатарында Павлодар да бар. Балалаға ең қажетті құрал ол рюкзак. Оның ішіне кеңсе тауарларын да салыпты. Сыйлықты таңдауға ерекше мән беріпті.

 

-Сыйлықты жинаған кезде банк оқушыға қандай оқу құралы қажет екендігін ескерді. Және рюкзакты тасыған кездегі баланың денсаулығына үлкен назар аудардық. Біз таңдаған ортопедиялық рюкзактар арқа мен иыққа түсетін салмақты бірдей бөліп, жайлылық сыйлайды. Біз балалардың қызығушылықпен оқығанын қалаймыз. Және ол үшін оларда барлығы болуы қажет,-дейді «Halyk Bank» Павлодар облыстық филиалының директоры Ернар Айтжанов.

 

«Halyk» Павлодардағы 75 балаға және аудандардағы 25 балаға рюкзактар тарту етті. Олар көмекке мұқтаж балалар тізімін білім бөлімінен алыпты.1 қыркүйек қарсаңында бүкіл еліміз бойынша барлығы 2500-ден астам болашақ бірінші сынып оқушысы банктан сыйлық алған. Олардың барлығы үздік оқуға дайын!