«Павлодар электржелілік тарату компаниясы» АҚ энергетиктері электр қуатын сөндірмей, желілерге қызмет көрсетуде
Қазақстанда ең алғаш рет біздің мамандар электр қуатын сөндірмей, желілерге қызмет көрсете бастады. Мұндай тәсіл арқылы тұтынушылардың жарықсыз қалу көрсеткіші төмендетілді дейді irbistv.kz тілшісі.
Электр желілерінің бағанасында монтерлер оқшаулағыштарды ауыстыруда. Бұл ретте, аталмыш көшедегі барлық үйлер жарыққа қосылған. Мамандар кернеуге қарамастан, жарық құралдарын жаңартуда. Бұл тиімді тәсілді павлодарлық энергетиктердің екі бригадасы Татарстанда меңгерген. Біліктілігін арттырғандардың арасында Самат Исабай болған. Ол жаңа әдісті үшінші рет қолдануда.
- Жұмыс жасағанда ең бастысы бұл қауіпсіздік. Жеке қауіпсіздік бірінші кезекте болуы қажет. Біздің басшылық ол үшін арнайы қорғаныс құралдарын сатып алды. Солармен жұмыс жасаудамыз,-деді әуе электр желілерін жөндеуші электромонтер Самат Исабай.
Бүгін энергетиктер Мичирун ауылында құралдарды ауыстыруда. Бұрын бұл жұмыстарды орындау үшін көше тұрғындары 4 сағатқа жарықтан ажыратқан еді. Бүгінде тиімді тәсілдің арқасында бұл қажет емес. «Павлодар электржелілік тарату компаниясында» алдағы уақытта мұндай жедел бригадалардың саны артады деп күтілуде.
- Өзіміздің оқыту орталығының құрылысын бастауды қарастырудамыз. Онда жергілікті мамандар, нұсқаушылар және ұстаздар жұмыс істейді. Аталмыш оқыту орталығының құрылысын 2025-ші жылы бастауды жоспарлаймыз,-деді «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Иван Миронец.
Жаңа тәсілдің көмегімен павлодарлық электр мамандары кернеуі 1000 Вольтқа дейінгі бағаналарда жұмыс істей алады. Болашақта 10 Киловольт желісінде құралдарды ауыстыруды үйренеді. Шеберлердің біліктілігін арттыру үшін арнайы құрылғы сатып алу көзделген.