Қазақстан электролиз зауытында еңбек қауіпсіздігі жөнінде біреге шара өтті
Кездесудің Қазақстан электролиз зауытында өтуі бекер емес. Ірі кәсіпорында қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі басты назарда. Жиынға Павлодар облысы кәсіпорындарының өкілдері келді. Ең алдымен оларға Қазақстан электролиз зауыты аумағындағы кіріспе нұсқаулық таныстырылып, 50-ге жуық азаматқа кәсіпорынның еңбек қауіпсіздік жағдайы көрсетілді.
- Осы жолғы кездесуді еңбекті қорғау саласындағы жетекші кәсіпорындарының бірі ретінде Қазақстан электролиз зауытында өткізуді ұйғардық. Мұнда аталмыш кәсіпорын өкілдері еңбек қауіпсіздігі аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Қауіпсіздік техикасы жөніндегі инженерлер бір бірімен танысып, байланысып, бір бірімен тәжірибе алмасу үшін өткізілуде. Негізінде, алты жылдан бері ұйымдастырып келеміз, және бұл кездесулер өз тиімділігін көрсетіп үлгерді,-деді Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов.
Мұнда Қазақстан электролиз зауыты АҚ қызметтік көліктері көрсетіліп, таныстырылым жүргізілді. Айта кетсек, жуық арада жедел жәрдем көлігі алынған болатын. Сонымен қатар, бірқатар цехтерге экскурсия ұйымдастырылып, зауыттың құрал-жабдықтары көрсетілді. Ірі және орта кәсіпорын өкілдері жұмыс орнындағы тазалыққа, цехтегі жол көрсету белгілеріне ерекше назар аударды.
-Оқыс оқиғалардың алдын алу әрқашан басты назарда. Мәселен, озық технологиялармен жетілдірілген жеке қорғаныс құралдары таныстырылды. Бұл биіктіктен құлау немесе өрт кезінде зардап шегу секілді келеңсіз жайттардан сақтайды. Заңға сәйкес кәсіпорында арнайы киім мен аяқ киімді кептіруге болатын аймақ бар. Барлығы санитариялық нормаға сәйкес. Таза және кір киімдер үшін бөлек аймақ бар. Сонымен қатар, қатысушыларды тасымалдайтын жүргізуші де қауіпсіздік белдігін тағуды сұрады. Бұл да еңбек қауіпсіздігінде маңызды,-деп жеткізді "Қазхром" ТҰК АҚ АФЗ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің бастығы Булат Ищанов.
Қазақстан электролиз зауытында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікке ерекше назар аударады. Басқа кәсіпорын өкілдері де кездесу барысында осы тақырыпта баяндама жасады. Тәжірибе алмасу үшін Павлодар облысы еңбек басқармасымен ұйымдастырылған шараның маңызы жоғары екені атап өтілді.