Қазақстанда Kaspi Жұма бүкілхалықтық сатып алу мерекесі тағы да өтті

Сатып алушылар үшін – тиімді зат сатып алу мерекесі. Ал сатушылар үшін – сауда көлемі ұлғаятын кезең.

 

-Бізде Kaspi Жұмаға байланысты адамдар саны әдеттегіден көбірек болып жатыр. Өйткені көп адамдар үшін бұл тиімді. Көбірек өтіп жатқан тауарлардан жұмсақ жихаздардың түрлері көбірек өтеді. Оның үстіне осы ауданда жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер көп. Сондықтан біздің жихаз салонымызға келетін адамдардың да саны көп. Ал Kaspi Жұма оларға таптырмас мүмкіндік болып отыр ,-деді Мөлдір Ермұханова, "Euromebel компаниясының сатушы-кеңесшісі

 

Әсіресе кәсіпкерлер қуанышты – тапсырыстар Қазақстанның әр өңірінен түсуде. Бұл сату көлемі мен ауқымының ұлғайып келе жатқанын білдіреді.

 

-Адам саны әдеттегіден де 2 есе көп. Онлайн тапсырыстар да, басқа қалалардан да тапсырыстарымыз одан да көп. Адамдардың көңіл-күйлері жақсы, барлық тауарларды сатып алып жатыр ,-деді Ботагөз Қасымжанова, «12 месяцев» дүкенінің сатушысы.

 

Сатып алушыларға еліміздің кез келген қаласынан тауарға тапсырыс беруге болатыны ыңғайлы. Және оны тікелей үйге немесе жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа жеткізеді.

 

-Бізге осы Kaspi Жұма негізі ыңғайлы. Кеше кешкісін бергем. Бүгін туған күніме келді. Өзіме сыйлығым. Бізге Kaspi Постоматтың осындай ұтымды жерлері жақсы. Жақсы, ұмытды жерлері көп. Бізге ұнайды,-деді Зульфия Назарымбетова, сатып алушы.

 

-Kaspi Жұманың бізге пайдасы заказ көп болады. Бізге Kaspi Жұма өте маңызды және тиімді. Біз Kaspi Жұма басталған кезде көп заявка істеуге тырысамыз. Таңертең сағат 9-дан бастаймыз, кешкі заказға дейін апаруға тырысамыз,-деді Алтай Коканаев, "Alser" жүргізуші-экспедиторы.

 

Онлайн-сату дәуірінде көптеген сатып алушылар сауда орталығына мерекелік атмосфераны сезіну үшін келеді. Әрине, дүкенде өнімді көзбен көріп, таңдаған қызықты.

 

-Kaspi Жұманың арқасында біз үй салып жатырмыз. Енді көп халық қолданып жатыр. Қарап тұрсам көп халықтың пікірі де жақсы Kaspi Жұмаға. Өте ыңғайлы. Мен осы елге де кеңес берем  Kaspi Жұманы алғанына. Төлем жағы да жақсы,-деді Даурия Өскенбаева, сатып алушы.

 

Осылайша бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі қазақстандықтарды қуантып келеді. Kaspi Жұма қазірдің өзінде нағыз қазақстандық экономиканың құбылысына айналды. Ол адамдарға отбасылық бюджетке салмақ түсірмей, қажетті зат сатып алуға көмектеседі. Ал бизнес дамып, жаңа жұмыс орындарын ашады.