Қазақстанда Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі өтті

 

 

Бұл тоғызыншы Kaspi Жұма. Сатып алу мерекесінің үш күнінде қазақстандықтар көптеген тауарларды – тоңазытқыштар, теледидарлар, климаттық бақылау жабдықтарын, тұрмыстық бұйымдар, автокөлік доңғалақтарын және тағы басқа заттарды сатып алды.

 

-Мен бүгін Kaspi Жұмадан ұялы телефон алдым. Мен ойлаймын таныстарым осы сәтті күтеді Kaspi Жұманы. Ол тіпті мереке сияқты,-деді «Sulpak» дүкенінің сатып алушысы Назгүл Досанова

 

-Кешеден бері жанұямызбен барлық магазиндерді қарап балаларға киім алдық. Жалпы көпбалалы семьяларға өте қолайлы нәрсе. Бұған дейін де қатысқанбыз былтыр. Біз жаңа пәтер алып бүкіл пәтерге керекті заттың бәрін Kaspi Жұма арқылы алдық,-деп жеткізді «Sportmaster» дүкенінің сатып алушы Бағлан Оразбекова.

 

-Жақсы, өте тамаша өтіп жатыр. Кеше жолдасым екеуміз теледидар алдық. Бүгін келіп мына Зетадан үйге керек заттардың бәрін алып жатырмыз. Kaspi Жұма басталғалы қатысып келе жатырмыз, бізге өте тиімді,-деді Zeta дүкенінің сатып алушы Ғалия Әбдіғұлова

 

Сатып алушылар затты тиімді сатып алғанына, сатушылар – сауда көлемінің артқанына қуанышты.

-Бізде бұл Kaspi Жұма рекордты десек те болады. Kaspi Жұманың 3 күні ішінде орташа айлық табыстың жартысын табамыз. Kaspi Жұма кезінде жұмыс өте көп. Қол жетіспейді. Сондықтан біз Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерінен біздің қызметкерлерімізді шақырдық. Қазір бәрі бірігіп, бірге сатылым жасап жатыр,-деді 1Fit негізін қалаушы және басшысы Мұрат Әлиханов.

 

-Осы үш күн Kaspi Жұмада адамдар барлық тауар түрін алып жатыр. Барлығының көңілі жақсы, жақсы көңіл-күймен келіп жатыр. Сантехника, линолеумдар, ламинат, обой, барлық түрінен алып жатыр. Адамдар өте көп,-деді «12 месяцев» гипермаркетінің қызметкері Гүлнәр Әубәкір.

 

Сатып алушының өтініші бойынша заттар үйге тегін жеткізіледі. Сондықтан жеткізу қызметтері Kaspi Жұма кезінде күшейтілген жағдайда жұмыс істейді.

 

-3 қарашадан Kaspi Жұманың бірінші күні басталды. Сол күннен, бастап, бізде жұмыс көбейе бастады. 3 күн болды ертеден түнге дейін істейміз. Сатып алушылар да түнге қарамай бізді қуана-қуана күтуде. Сол үшін рахмет! ,-деп жеткізді жүргізуші-экспедитор Кудрат Даулятов.

 

-Біз Kaspi Жұма туралы хабарламаны көрген соң әйелімізбен ақылдасып мүмкіндікті пайдалануды шештік. 83 мыңға дөңгелек алдық. Ай сайын шамамен 3000 теңгеден шығады. Өте тиімді, қалтамызға ауыр емес. Жеткізіп бергені мені өте қуантты, дөңгелекті ауыстырып, еркін жүре аламын,-деді «Aikos» дүкенінен сатып алушы Ринат Ележанов.

 

Кішігірім заттарды Kaspi Postomat арқылы алуды жөн санайтын тұтынушылар көбейіп келеді – үйде курьерді күтудің қажеті жоқ, өзіңе ыңғайлы уақытта алып кетуге болады.

 

-Жеткізу қызметі өте ыңғайлы. Үлкен заттарды үйге алып кеп тастайды. Ал қалған мынандай жеңілдер осы Постоматқа келді. Жұмысым да жақын, үйіме де жақын. Өзіме де ыңғайлы. Келіп міне ала салдым қазір,-деді сатып алушы Әсел Мұратбекова.

 

Сатып алу мерекесінде адамдар ұзақ кезекке тұрып, сөреден тауарды бірінші болып алуға тырысатын күндер артта қалды. Қазіргі уақытта көпшілігі онлайн сатып алады. Көптеген адамдар дүкенге тек тауарды ұстап көру үшін келеді, содан кейін ұялы қосымша арқылы - кезексіз, тегін жеткізумен бірге сатып алады.

 

Kaspi Жұма саудада нағыз құбылысқа айналып үлгерді. Сатып алу мерекесі адамдарға отбасылық бюджетке салмақ түсірмей, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Ал қазақстандық шағын және орта бизнес дамып, жаңа жұмыс орындарын аша алады.