• Басты бет
  • Экономика
  • Қазан айында аяқталуы тиіс болған Ақсу көпіріндегі жарықтандыру жұмыстары әлі жалғасуда

Қазан айында аяқталуы тиіс болған Ақсу көпіріндегі жарықтандыру жұмыстары әлі жалғасуда

 

 

Күн суытқанша Ақсу қаласы бағытындағы көпірдегі жарықтандыруды ретке келтіру мүмкін болмады. Еске сала кетейік, осыдан бір ай бұрын облыс әкімі Асайын Байханов жарықшамдарын жаңартуды қазан біткенше аяқтауды тапсырған еді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиал сол кезде жұмыстар аяқталуға жақын екендігін жеткізген еді. Белгілі болғандай, жарықты жаңарту әлі жалғасуда. Мамандар енді жөндеу осы аптада бітеді деп мәлім етті.

 

-Көпірдегі жарықтандыру 80%жасалды. Осы аптада барлығын аяқтаймыз деп ойлаймын. 200-ге жуық жарықшамдарын ауыстыру ғана қалды. Сол кезде көпірдегі жарықтандыру 100% жұмыс істейтін болады,-деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиал директорының орынбасары Алексей Логвиненко.

 

Айту керек, Павлодар облысында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары желісі 3859 шақырымды құрайды, облыстық – 1010 км, ал аудандық 2849 км құрайды. Ал өңірімізге тиесілі республикалық трасса 1663 км екен.