Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Әлеуметтік дүкендерде картоп бағасы 90 теңгеден аспауы тиіс

Экономика

15
Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорынан өнімнің төрт түрі сатылады. Нақтырақ айтатын болсақ, қарақұмық жармасы - 300 теңге, күріш - 245 теңге, макарон өнімдері - 180 теңге және тұз - 45 теңге.

Сондай-ақ бағаны ұстап тұру және қорды толықтыру мақсатында 4000 тоннадан астам өнім сатып алынды.  Кәсіпкерлер 10 пайыздық үсемақы қосып қана сатуға  құқылы.

 

- Осы айда тұрақтандыру қоры қосымша картоп, сәбіз, күріш, бірінші сұрыпты ұн және қарақұмық жармасын сатып алды. Осылайша, тұрақтандыру қоры 5000 тоннадан асады деп айтуға болады. Сондай-ақ, қыс мезгілінде қосымша өнімдерді сатып алуды пысықтап жатырмыз. Бұл - қант, күнбағыс майы және бірінші санаттағы жұмыртқа, - деді «Павлодар» ӘКК АҚ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің директоры Данияр Шаймарданов.

 

Аталған тауар көлемі әлеуметтік дүкендерді азық-түлікпен қамтамасыз етуге жеткілікті болады дейді жауапты мекемеде. Бұдан бөлек облыстың көкөніс өсіретін шаруашылықтары қарашадан бастап киллограмы 70 теңге болатын арзан картоп жеткізуді бастады. Ол Павлодар қаласының барлық әлеуметтік дүкендерінде 90 тенгеден сатылмақ.

 

- Біз биыл өткен жылмен салыстырғанда картоп пен сәбіздің көлемін үш есе көп сатып алдық. Сондықтан бұл көкөніс түрлерінен тапшылық мәселесі туындамайды. Аталмыш өнімдер жергілікті өндірушілерден Павлодар қаласына дейін сақтау мен жеткізуді ескере отырып сатып алынады. Өнімнің барлық түрлеріне сәйкес сертификат беріледі, - деді Данияр Шаймарданов.

 

Бағаның тұрақты болуы мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 30 меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ тауар құнының өзгермеуі ұдайы қадағалануда. Ол үшін арнайы мониторингілік топ құрылған. Жағдай бір қалыпты. 

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()