Өндіріс майталмандары: Ақсу электр станциясы инженері Евгений Яровский

 

«ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының электр-техникалық зертханасының инженері өндірістік қызметінің қыр-сырымен бөлісті деп хабарлайды irbistv.kz

тілшісі.

 

Евгений Яровский Ақсу электр станциясына студент кезінде келген. Алдымен электромонтер болған. Қазір инженер. Бұл уақыт аралығына ол ВорлдСкилс конкурсының облыстық кезең жеңімпазы атанған. Жұмысымен қатар, спортты да алып жүрген. 2017-ші жылы жас маман «ЕЭК» АК Ақсу электрстанциясына жұмысқа келген. Жаяу Мұса атындағы жоғары көпсалалы колледждің түлегі өз мамандығын бірден меңгере бастаған.

 

- Мен әрдайым өз жұмысымды жақсы жасауға тырыстым. Техникалық мамандық бойынша колледжге оқуға түсіп, құрылғыларды зерттей бастадым. Электрэнергетикасы мамандығынан басқа саланы қарастырмадым. Біртіндеп білім алып, оқу барысында түрлі іс-шараларға қатыстым. Солардың бірі ВорлдСкилс кәсіби шеберлік байқауы болған. Аталмыш конкурс түрлі саланы меңгергендер арасында өтеді. Оның мақсаты өзінің кәсіби шеберлігін көрсету. Электрмонтаж барысында стендте түрлі электр сымдарын өткізуге мәжбүр болдым. Түрлі сызбалар арқылы қозғалтқышты іске қостық,-деді «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының электр-техникалық зертханасының инженері Евгений Яровский.

 

Электрстанциясындағы жұмыс көп білімді және мұқияттылықты қажет етеді. Басты қызметтердің бірі - бұл құрылғылардың техникалық қызмет көрсетуін және жұмысын қамтамасыз ету.

 

- Біз 110 киловольт тарату құралының ашық алаңындамыз. Мұнда алғашқы құралдарды орналасқан. Ажыратқыш, қосу тетіктері және қуат трансформаторларды көруге болады. Телім түрлі аймақтарға бөлінген. Мұнда құрылғыларды іске қосады. Олардың жұмысын қамтамасыз етуі үшін мамандардың үлкен командасы жұмыс істейді. Бұл ортақ жұмыс болып табылады,-деді Евгений Яровский.

 

Жауапкершілік пен міндетті ұстану – Евгений Яровскийдың бас қағидасы болып табылады. Аталмыш дағдыларды ол кәсіби саласынан бөлек, жеке өмірінде қолданады. Бос уақытында дзюдо, оқпен ату және көпсайыспен айналысады. Аталмыш спорт түрлері оған ерекше көмектеседі.

 

-Менің ойымша өмірде ең бастысы бұл – жауапкершілік. Өз жұмысымды жақсы жасауға үйреніп қалдым. Барлығы өз қызметіне осылайша қарау керек деп санаймын. Болашақта өз мамандығым бойынша жұмыс істеуді жалғастырғым келеді. Электр станциясының ұжымына көмегімді тигізгім келеді,-дейді Евгений Яровский.

 

Евгений – міндетті ұстану, жауапкершілік және өз ісіне деген адалдықтың таптырмас мысалы болып табылады.