1000 теңгеліктің барлығы жарамды

-Күлтегін» ескерткіш банкнотын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ көрсетулі құны бойынша банк шотына есепке алу және аудару үшін қабылдауға, барлық банктер мен ұлттық пошта операторы шектеместен ұсақтауға, айырбастауға міндетті. Қабылдаудан бас тартқан жағдайда, кәсіпкерлік субьектілер, коммерциялық ұйымдарға әкімшілік ҚК 206-бабында көзделген шаралар қолданылады, - деп хабарлады «ҚР Ұлттық Банкі» РММ облыстық филиалы бөлім басшысының орынбасары Светлана Жүсіпова.

 

Мерекелік даталарға арналған, өзге купюралар да қолданыста болып табылады. Банкнотты қабылдаудан бас тартқан жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет. Бұдан бөлек, мамандар оқиғаны бейнеге жазып алуды немесе банкнотты қабылдаудан бас тартатыны туралы жазбаша негіздеме талап етуге кеңес берді.