2021 жылдың қаңтарынан тарифтер қалай өзгереді?

Қоғамдық тыңдаулар қазан айында өткен. Қызмет көрсетуші ұйым шекті бағаны өзгертуді сұраған. Мамандар өтінімді қарастырып, бүгін жауабын берді.

 

– Департаменттің шешіміне сәйкес қала тұрғындары үшін 2021 жылы жылу және су тарифі өзгермейді. Яғни тариф бағасы 2020 жылдың деңгейінде сақталады. Дегенмен тұтынушылардың кейбіріне және бюджеттік ұйымдар үшін өзгерістер болуы мүмкін. Алайда ол 2021 жылдың бірінші айына дейін, - деді ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитеті Павлодар облыстық департаменті басшысы орынбасарының м.а. Мирас Зерекбаев.

 

Яғни, 2021 жылдың қаңтарынан тек жылу тарифі бюджеттік мекемелерге ғана қымбаттайды. Павлодарда өсім 13,8 пайызды құрамақ. Ал келесі айдан бастап бұл қызмет түрі заңды тұлғалар үшін 7 пайызға  өседі.  Сондай-ақ ақпан айынан бағалар екі категория үшін де су мен сарқыды үшін де өзгермек. Алғашқылар үшін ауыз су және кәріз тарифі 28%- ға, бизнес үшін шамамен 10% - ға өседі. Энергиямен жабдықтаушы ұйым да тарифтердің өсуін ақпанның 1-нен бастап жоспарлаған еді.

 

– Жарықпен қамтамасыз етуші ұйым тарифтің бағасын өзгерту бойынша өтінімді желтоқсанның 2-сі берген. Оған себеп жергілікті энергетиялық комиссия тарифінің 4 пайызға артуы. Сондай-ақ ҚТЖ және Сәтпаев каналы да жарықты беру бағасын өсірген. Орташа бағасын 14,05 тен 14,65 теңгеге арттыруды сұраған. Бұл ретте, департамент қоғамдық маңызы бар нарықтың бағасын белгілеу бойынша заңнамаға сәйкес ұсынылған деректердің толық болмауы және дұрыс есептелмегеніне байланысты өтінімді қараусыз қалдырды, - дедіМирас Зерекбаев.

 

Дегенмен электроэнергиямен жабдықтаушы ұйым өтінімді қайтадан келесі жылы бере алады. Бірінші кезекте тұрғындарды қолдау мақсатында есептер мұқият қарастырылатынын департаментте ескертті.