2022 жылдан Қазақстан ішінде балалар ұшақпен тегін ұша алады

Елдегі әуе тасымалы біртіндеп қалпына келуде. Осы жылдың алғашқы айларында  әуе көлігі кәсіпорындарының табысы 61,7 миллиард теңгені құраған. Ал  2020 жылы ол 69,7 миллиард болған. Жалпы еліміз бойынша билет құны барлығынан бұрын Алматы мен Атырауда 16 процентке өскен.  Ал Павлодарда жағдай тұрақты. Бар болғаны 6 процентке қымбаттады. Ал Шымкент тұрғындары үшін кез келген бағытқа ұшу барлық аймаққа қарағанда арзанға шығады.

 

Екі жастан 14 жасқа дейінгі балалар үшін ел ішінде тегін ұшу тек 2022 жылдан бастап қолжетімді болмақ. Бұл ретте «Кидс гоу фри» бағдарламасы сөз болуда. Ол туралы бірден бірнеше ақпарат агенттігі хабарлайды. Негізгі мақсат балалар әуе билетін субсидиялау, яғни тұрғындарды Қазақстанның туристік аймақтарында демалуға ынталандыру.