80 ара ұясы су астында қалған павлодарлық кәсіпкерге өтемақы берілмеді

Наурызда Павлодар ауданында еріген судан тұрғын үйлер ғана емес, бір омарта шаруашылығы жапа шеккен еді. Кәсіпкер келтірілген шығын бойынша өтемақы алуға өтініш білдірген дейді irbistv.kz тілшісі.

Павлодар облысындағы Розовка ауылында 80 ара ұяшығы су астында қалып, жеке кәсіпкер мүлкін өз бетінше құтқарғысы келген. Алайда, қарғын су бой бермей, барлығы құрдымға кеткен. Омарташы өтемақы бойынша өтініш жазғанымен арнайы аудандық комиссия, кәсіпкер қызметі өтемақы алуға сай еместігін анықтап, шығынды өтеуді құптамады. Нәтижесінде ер адам сотқа жүгінген.

-Сот жеке кәсіпкердің өтінішін қайта қарауды міндеттеді. 80 ара ұяшығы су астында қалғандығын ескеруді талап етті. Комиссия шешімі заңға қайшы, әрі комиссияның дауы беруі, қол қоюы бойынша әкімшілік қателіктер анықталды. Тіпті, комиссия хатшысы да тағайындалмаған, -деп мәлім етті облыстық сотта.

Айту керек, облыстық кәсіпкерлер палатасы ұсынған ақпаратқа сәйкес 80 ара ұясы су астында қалған кәсіпкерге келтірілген шығын көлемі 2,8 млн теңге.

Фото: «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы