Ағымдағы жылы өңіріміздегі 20-ға жуық азамат қаржы пирамидаларының құрбаны болған
Сәйкес өтініштермен тұрғындары қаржы нарығын реттеу агенттігіне жүгінген екен. Мамандар алаяқтарға кез болмаудың, олардың жаңа айла тәсілдері жайлы сыр шертіп, брифинг кездесу ұйымдастырды.
Осы күні алаяқтық қаржылық пирамидалардың түрлері көп. Алайда бәрі бір қағидат бойынша жұмыс істейді - қаражат жаңа қатысушыларды тұрақты түрде тарту есебінен түседі. Мамандардың айтуынша, ондай ұйымдарды анықтау белгілері бар. Көбінесе аса үлкен түсімге кепілдік беріп, ресми қаржы лицензиясыз жұмыс істеп, агпессивті жарнаманы қолданады.
- Павлодар облысы бойынша ағымдағы жылы қаржы пирамидалары бойынша тұрғындар тарапынан 18 өтініш келіп түскен. Бұндай алаяқтар құрбаны болған азаматтар бірден құқық қорғау органдарына және біздің басқармаға жүгіну қажет,-деді ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Павлодар өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Толқын Нұрмахин.
Қаржы пирамидаларынан бөлек, алаяқтардың жаңа онлайн айла тәсілдері туралы да айтылды. Балаларына смартфондарын беретін ата-аналар ферма жайлы ойындарға мұқият қарау керек.
-Ойын ішінде ауыл шаруашылығы техникасын, жануарларды сатып алғандай боласыздар. Бірақ, шынайы онлаин түрде ақшаңыз жұмсалады. Бонустар арқылы қайтаруға болады дейді, бірақ қейін ақша қайтарылмайды. Сондай жайттар жиілеп тұр,-деп мәлім етті ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Павлодар өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Толқын Нұрмахин.
Қаржылай сауаттылықты ашу үшін өңір тұрғындары «Fingramota Online» мобильді қосымшасы немесе қалалық телефоннан «1459» номеріне хабарласып пайдалы кеңестер алып, мазалаған сұрақтарына жауап таба алады.